Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar)

ҰШАҚ АПАТЫ
Ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушылардың беті бері қарай бастады. Ақтаудағы ауруханада жатқан 20 адамның біреуінің халі ауыр. Көбінің туыстары келіп, дәрігерлер тізімінен өз жақындарының аты-жөнін іздеп жатыр.

ҰШАҚ АПАТЫ
Бір ажалдан аман қалғандарға Астанадан донорлардың қаны жіберілді. Ақтөбелік дәрігерлер әріптестері сұратқан дәрі-дәрмектерді тауып, шұғыл жөнелткен.

МИЛЛИАРДЕР ЖЕҢГЕТАЙ
Жезөкшелер мен клиент арасында жеңгетай боп 2 млрд пайда тапқан. Арам жолмен келген көл-көсір ақшаны агрофирма ашып, заңдастырып алған астаналық келіншек ұсталды.

БАЛЫҚ ҚЫРЫЛУДА
Қырылған балықта есеп жоқ. Атырауда тасқыннан кейін таяз суда қалып қойған шабақтарды мамандар мен еріктілер жабылып, өзен-көлдерге әлі тасымалдап жатыр.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары


Source Link